"Ғылымды үйренуде ережелерден гөрі нақты мысалдар пайдалырақ"

Исаак Ньютон - ағылшын физигі
(1643-1727)

Image

Қош келдіңіз!

Жеке сайтымнан физика пәнін оқытуға қатысты қосымша оқу-әдістеме материалдарын көре аласыз. 
Сайт бойынша сын-пікірлеріңізді қуана қабылдаймын.

Қосымша ресурстар

Абай атамыз айтқандай: «Бала тәрбиесіне 3 жақ әсер етеді, ата-анасы, мұғалімі және жүрген ортасы. Қайсысының ықпалы зор болса, баланың мінезі солай қалыптасады» деген ойы мұғалімге да ауыр салмақ салып тұр. Біліммен қатар тәрбие де басты мақсатта болу керек. Тәрбие бар жерде білім бар. Француз ағартушысы, жазушы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деген нақыл сөзді әркез естен шығармайық.

Физика ғылымы ...

Физиканың мақсаты – табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу. Мысалы, дененің жерге құлап түсуі жердің оны өзіне тартуынан туындайды. Жылдың төрт мезгілінің (қыс, көктем, жаз, күз) ауысуы Жердің Күнді айнала эллипс бойымен қозғалуы арқылы түсіндіріледі. Табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды табу арқылы физика заңдары ашылады.
Image
Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса.

Байланыста болыңыз ...